Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Мал!": Салтанат Нүкенованың әкесі сотқа қатысты алғаш рет пікір білдіріп, қандай үкім күтетінін айтты

Салтанат Нүкенованың әкесі Амангелді Нүкенов Қуандық Бишімбаевқа қандай жаза әділ деп есептелетінін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: aitym Instagram парақшасынан

Амангелді Нүкенов соттың әділ үкім шығаратынына сенетінін айтты. Сондай-ақ ол Бишімбаев өмір бойына бас бостандығынан айырылмаса, шешімді әділетсіз деп санайтынын жеткізді.

"Мен мұны әділетсіздік деп санайтын едім: ол тек отбасының абыройына нұқсан келтіріп қана қойған жоқ. Әйелім екеуміз оның қызымызға жасаған қиянаты, садизмі туралы сот отырысында көбірек естідік", – дейді Амангелді Нүкенов.

Амангелді Нүкенов сот үкімінің әділ әрі нәтижелі болатынына үмітті екенін жеткізді. 

"Осы уақыт бойы біз ауруханада болдық. Сот процесіне қатыса алмадық. Бізге естігеніміз де жетеді. Ал бүгін атқарылған істің нәтижелі болатынына сенемін", – деді Нүкенов.

Айта кетейік, 13 мамырда сот отырысында алқабилер мен судья сот залынан кеңесу бөлмесіне кеткенде Салтанат Нүкенованың әкесі, Бишімбаевқа: "Мал! Мал!", – деп айтқан еді. 



Бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деген күдікпен ұсталған. Кейіннен қылмысты жасырды деген айыппен Салтанат Нүкенова көз жұмған мейрамхананың директоры да тұтқындалды. Қазір олардың сот отырысы ашық түрде өтіп жатыр.

Сондай-ақ экс-министр Қуандық Бишімбаевқа Қылмыстық кодекстің 110-бабы 2-бөлігі ("Азаптау"), Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігі 5-тармағы ("Аса қатыгездікпен адам өлтіру") бойынша жаңа айыптар тағылған еді. Ал оның туысы Бақытжан Байжанов қылмысты жасырғаны үшін айыпталған.

Айта кетейік, бұған дейін әйелін аяусыз ұрып өлтірді деп айыпталған Қуандық Бишімбаевтың адвокаты Лейла Рамазанова жәбірленуші тараптың адвокаты Игорь Вранчевтің сөзіне қарсы шықты. Лейла Рамазанова Бишімбаевты “Оттело” мен “Чикатилоға” теңеу орынсыз екенін айтқан. 

Талқылау