Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ресейлік блогер Бишімбаевтың отбасынан сұхбат аламын деп Астанада өмірін қатерге тіккенін айтты

Бишімбаевтың ата-анасынан сұхбат алған ресейлік блогер Наталья Грэйс өзінің негізсіз сынға ұшырағанын айтып, наразылығын білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Видеодан кадр

“Мен қазір қатты ашынып отырмын. Сіздерге ақпарат іздеймін деп өмірімді қатерге тіктім. Сіздерге бұл сұхбатты көрсету үшін Астанада жүріп тәуекелге бардым. Осыдан кейін қалайша хейтерлерге болысасыздар”, – дейді ызаға булыққан Наталья Грэйс. 

24 сәуірде Бишімбаевтың сотына өзін нейропсихолог деп таныстырған ресейлік блогер Наталья Грэйс келген еді. Ол екінші рет сот процесіне кірмейтінін айтып, бәрін “хайп” деп мәлімдеді. Айтуынша, Айтбек бұл оқиғаның коммерциялық жағына қызығып тұр. Сол себепті процесті мүмкіндігінше созып жатыр және осы оқиғадан пайда тапқысы келеді дейді ол. 



Сонымен қатар блогер сот залында бірнеше рет судьямен сөзге келіп қалды. Оған видео түсіруге болмайтыны ескертілді. 

Сот залынан шыққаннан кейін ол журналистер отырған залға келіп, “Айтбек қарындасының өлімінен пайда тапқысы келеді” деп мәлімдеп, ойын айтуға тырысып, кей тілшілермен сөзге келіп қалды.

Сондай-ақ Наталья Грэйс Қуандық Бишімбаевтың ата-анасынан сұхбат алған еді.

 

Талқылау