Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нүкенова Бишімбаевтан 8 рет кетіп, қайтып келген – Салтанаттың ағасы

Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді сот процесі кезінде қарындасы Қуандық Бишімбаевтан қанша рет кетіп қалғанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Жоғарғы сот

Пркурор Айтбек Амангелдіден Салтанат Нүкенова Қуандық Бишімбаевтан қанша рет кетіп, қайтып келгенін білесіз бе деп сұрады. 

“2023 жылы шамамен 8 рет болды, одан көп болмаса”, – деп жауап берді ол. 

Марқұмның ағасы қарындасын мұндай қарым-қатынастан құтқарғысы келген. 

“Оны жақсы көретініңді білемін, бірақ сен бірінші кезекте өзіңді жақсы көруің керек екенін есіңе түсірші. Ол сені бір рет қана ұрған жоқ, бірнеше рет қайталанып тұр. Психологқа бар. Саған психолог кету керек деп айтады. Мұндай қарқынмен ол сені өлтіріп тынады”, – деп хатты оқыды Айтбек Амангелді. 

"Тым болмаса бір айға кетіп кетіп қалшы, бақытты өмір қандай болатынын есіңе түсірші. Артқа қайтқың келмей қалады. Өткен жолы мені оған жіберме деп жалынған едің. Өтінемін, қазір кетіп қалшы. Сен үшін бәрін істеймін. Сен ол жерде түрмеде отырған сияқтысың. Өтінемін, жаным, бауырым, кетіп қалшы. Мен тыныш ұйықтап, тамақ жей алмай қалдым. Сенің қауіпсіздікте екеніңді білмейінше, өмір сүре алмаймын. Кез келген уақытта хабарласып, мені алып кет деп айтсаң, ұшып келемін”, – деді де, Айтбек көз жасын тыйып қала алмады. 

"Айтым, сені естідім. Ол мені жақсы көреді, мен үшін бәрін істеп жатыр. Отбасылық өмір әртүрлі болады, жақсы да, жаман да күндер болады. Біз бірге психологпен жұмыс істеп жатырмыз. Ол тырысып жатыр. Оның жарақаты көп болған, өмірі оңай болмаған. Менің армандарымның бәрін орындайды, 24/7 жанымда болғысы келеді. Иә, қызғанады және еркіндік аз. Кету ойымда жоқ және оны қаламаймын да. Біз бәрін бірге шешеміз”, – деп жауап берген Салтанат.

Айта кетейік, Астанада Салтанат Нүкенованы өлтірді деп айыпталған бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот отырысы өтіп жатыр.

Бишімбаевтың соты алқабилердің қатысуымен өтіп жатыр. Барлығы 12 алқаби бар, оның 10-ы негізгі, екеуі запаста. Олар 300 үміткердің арасынан таңдалды.

Бишімбаев тарапы соттан орыс тілінен қазақ тіліне аудармашы беруді сұрады.

Зардап шеккен тараптан жауап алу басталды. Сот сұрақтарына Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді жауап беріп жатыр.

Талқылау