Нөсер болып, үсік жүреді: Синоптиктер ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жасады
"Қазгидромет" мамандары алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын ұсынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бірқатар аймақта жауын жауып, ауа райы бұзылады. Түнде оңтүстік, оңтүстік-шығыс пен шығыста нөсер болады. Тек солтүстік пен орталықта жауын-шашын жаумайды. Сондай-ақ ел бойынша жел күшейіп, оңтүстік пен оңтүстік-батыста дауыл, оңүстік-шығыста бұршақ жауады. Солтүстік-батыс пен оңтүстік, орталықта тұман болады.
Ал Ақмола, Солтүстік Қазақстан мен Қостанай облысында 1-6 градус аралығында үсік жүреді.
Сонымен қатар үсікке байланысты Астана тұрғындарына да ескерту жасалды.
Маңғыстау, Атырау облысының батысы, солтүстігі мен шығысында, Қостанай облысының орталығында, Ұлытау облысының орталығы мен шығыс бөлігінде, Қызылорда облысының батысында, Ақтөбе облысының оңтүстік-батысында өрт қауіпі сақталады.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген