“Ninety one” әншісі арам пиғылды журналистердің өзін пайдаланбақ болғанын айтты
“Ninety one” тобының солисі BALA “Қазақстанда әдемі қыздар жоқ” деп айтпағанын, арам пиғылды адамдардың өзін пайдаланбақ болғанын тілге тиек етті.
Фото: instagram.com/91ninetyone.kz/
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
“Ninety one” тобының солисі сұхбаттарының бірінде “Қазақстанда әдемі қыздар жоқ” деп айтқан болатын. Алайда әнші бұл сөзін жоққа шығарып, аталған видеоға монтаж жасалғанын айтты. Сөзіне сенсек, монтаж жасаған адамдар осылайша танымалдылыққа ие болғысы келген.
Алғашқы бейнебаяндары отандық хит-шерулерде 20 аптадан астам уақыт көш бастап тұрды. Екінші бейнебаяндары да дәл осындай танымалдылыққа ие болған. Күні кеше аталған топ Қарағандыға барып, алғаш рет ән кешін өткізді.
Концерттен кейін жігіттер Қарағанды қаласының жергілікті арналарының біріне сұхбат береді. Аталған бағдарламада жүргізуші “BALA, сұхбаттарыңның бірінде Қазақстанда әдемі қыздар жоқ деп айтқан болатынсың. Мұның қалай? Сондf ең әдемі қыздар қайда екен?” деген сұрақ қояды. (Сұрақты топ жанкүйері әлеуметтік желі арқылы жолдаған).
“Адам мен айтқан видеоны дұрыстап қарайтын болса, ол жерде монтаж екеніне көзі жетеді. Менің анам қазақ, қарындасым да бар. Әжем мен тәтелерім бар. Олардың бәрі де қазақ. Меніңше, шын мәнінде олай айтуым ойға кірмейтін дүние сияқты. Ол нәрсе тікелей монтаж болған соң солай болып қалды. Қазақстанда әдемі қыздар өте көп”, – дейді Bala
Әншінің сөздерін әріптестері де қоштай түсті. Олар да қара көз қарындастарын ерекше құрмет тұтатындықтарын айтып, барша қыздардан кешірім сұрады.
“Басқа мемлекет адамдары келген кезде біздің табиғи әдемілікке ерекше қызығады. Көп елде өздері сұлу болмаған соң қыздар пластикалық ота жасатып жатады. Қанымыз таза болған соң әр қыз әдемі болып келеді. Ал BALA-мен болған оқиғаға тоқталатын болсам, біздің арқамызда өзіне пиар жасағысы келетін адамдар болады. Сөйтіп Баланың сөздерін кесіп тастап, өздерін жарнамалап алды. Сол видео расымен де көп көрілім жинады. Монтажды жақсы жасайтын адам болған соң видеоны мінсіз етіп өңдеген. Жалған ақпараттар кетіп қалды”, – дейді ACE.
Естеріңізге сала кетсек, жігіттер тілге тиек етіп отырған бағдарламаны отандық журналист Жан Ахмадиев жүргізген-ді. Артынша ол Баланың сөзі “қиылып, өңделген” видеоны өзінің фейсбук желісіндегі парақшасына жүктеген болатын.
Жіберіп алмаңыз:
“Ninety one” жігіттері өздеріне қандай қыздар ұнайтынын айтты (видео)
Бекболат Тілеуханов “Ninety one” тобына қатысты пікірін білдірді
Мейрамбек Беспаев “Ninety One” туралы әзіл айтып, әріптесін күлдірді
“Ninety one” тобын сынаған Төреғалидің өзі ұлтшыл деп айыпталды