Нидерландыда коронавирустық шектеулерге байланысты жаппай тәртіпсіздіктер болуда
Нидерландыда жаңа коронавирустық шектеулерге қарсы тұрғындар мен полиция арасында қақтығыстар болып жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Роттердамда полиция наразылық білдірушілерді тыныштандыру үшін көзден жас ағызатын газ қолданып, ауаға оқ атуға мәжбүр болды.
Сонымен қатар полиция Эйндховен мен Амстердамдағы демонстранттарды тарату үшін су мен көзден жас ағызатын газ қолданды.
Коменданттық сағат енгізілуіне қарсы шыққандар жарылғыш зат лақтырып, супермаркеттерді тонап, дүкен сөрелерін құлатты.
Нидерланд премьер-министрі Марк Рютте тәртіпсіздікке қатысушыларды айыптап, олардың әрекеттерін бостандық үшін күрес емес, қылмыстық зорлық-зомбылық деп атады.
Айта кетейік, Нидерландыда 21:00-ден 04: 0-ға дейінгі коменданттық сағат екінші дүниежүзілік соғыстан кейін алғаш рет енгізілді.
Ресейлік IT-мамандарға қазақ тілінен емтихан тапсырмай-ақ ықтиярхат беріледі – Astana Hub себебін түсіндірді
Astana Hub: "Бағдарлама шарттарында қазақ тілін білу деңгейін анықтайтын емтихан тапсыру көзделмеген"
Бөтен тойға кіріп, тамақтанып кеткен: Шақыртусыз қонақтар қазақстандықтардың ашуына тиді
Шақырусыз адамдардың тек тойға емес, қаралы асқа да келетінін айтқандар болды