"Экологиялық қылмыс": Жанжалдан кейін BI Group Қарағандыдағы тұрғын үй құрылысын тоқтатты
Фото: BI Group
Қарағандылықтардың ағаштарды кесуіге қатысты шағымынан кейін BI Group компаниясы тұрғын үй кешенінің құрылысын тоқтатты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қарағандылықтар жаңа тұрғын үй кешенінің құрылысы үшін ағаштардың кесілуін "экологиялық қылмыс" деп атады.
Қарағанды облысының әкімі Ермағамбет Бөлекпаев Қарағанды қаласының Орталық саябағындағы бұрынғы "Фэнтези" ойын-сауық саябағы аумағында құрылыс жұмыстарын жүргізуге тыйым салғанын мәлімдеді. Оның айтуынша, 21 сәуірде құрылыс компаниясына жұмысты толық тоқтату туралы ресми ескерту жіберілген.
"21 сәуірден бастап менің тапсырмам бойынша барлық құрылыс жұмыстары тоқтатылды. Құрылыс компаниясына бұл туралы ресми хабар берілді", — деп жазды әкім Facebook парақшасында.
Bazis-A және BI Group кірістерін 16,5 миллиард теңгеге кем етіп көрсетті — Қаржы министрлігі
Құрылыс жұмыстары қоғам наразылығынан кейін тоқтатылды: жергілікті тұрғындар, сәулетшілер мен белсенділер BI Group компаниясының қаладағы сирек кездесетін саябақтардың бірінде элиталық тұрғын үй кешенін салу жоспарын қатаң сынға алды. Құрылыс үшін бірнеше қарағай ағашы кесіліп, саябақтағы көл жойылып кетудің алдында тұр. Қарағандылықтар бұл жағдайды "экологиялық қылмыс" деп бағалап, билікті қала тұрғындарының мүддесіне қарсы әрекет етті деп айыптады.
BI Group компаниясы биіктігі 10 қабатқа дейін жететін 11 көпқабатты үй салуды жоспарлаған болатын. Алайда белсенділердің айтуынша, бас жоспарға сәйкес мұндай нысандарды тек қаланың оңтүстік-шығыс бөлігінде ғана салуға рұқсат етілген. Облыстың бұрынғы бас сәулетшісі Қайрат Жиенбаев жобаның іске асуы саябақ экожүйесіне апатты салдар әкелуі мүмкін екенін атап өтті.
Айта кетейік, бұған дейін премьер-министр Олжас Бектенов кәсіпкерлерді екі аптада салықты әділ түрде төлеуге шақырған еді. Ол BAZIS, BI Group және басқа да ірі компанияларды салықтан жалтарды деп айыптаған.

"Дәрігерлер ертерек бала туып ал деді": 24 жасында ерте климаксқа ұшырап, денсаулығы сыр берген ару қыз-келіншектерге жолдау жасады
