Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

"Балалар алаңы ешкімді мазаламай ма": Астаналықтар дәл тұрғын үй ауласында көлік жуу орны салынып жатқанына шағымданды

Фото: Видеодан скрин

Әлеуметтік желіде елордалықтар аула ішінде, балалар алаңының жанында көлік жуу орнының салынып жатқанына наразылық білдірді. Тұрғындар рұқсаттың қалай берілгенін анықтай алмай, бірнеше рет әкімдікке жүгінген, алайда нақты жауап ала алмаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Видеодан тұрғын үй алаптарының бірінде көлік жуу орнының құрылысы басталғаны байқалады. Кадрларда “болашақ көлік жуу орнының” дәл қасында балалар ауласы және көпқабатты үйлердің тұрғаны көрсетілген.

Астаналық тұрғынның бірі осылай балалар ойыны алаңынан жанынан және дәл аула ішінен көлік жуатын орынды салуға кім рұқсат бергеніне ашуланды.

"Маған бір нәрсе қызық. Тұрғын үйлердің терезелерінің түбіне бір емес, екі емес, бірнеше көлік жуатын орынды салуға кім рұқсат беріп жатыр? Сіз елестетіп көріңізші, мұнда қаншама көлік жиналады? Бір жерде кіретін жол салады, енді бір жерде тағы бір кіреберіс жасап жатыр. Ал балалар алаңы ешкімді мазаламай ма? Әлде балалар алаңын алып тастамақ па? Өйткені балаларға ойын алаңының қажеті жоқ сияқты, керісінше, көлік жуу орны керек болып тұр ғой... Ешкім халық туралы ойламайды. Енді қайда бару керек, қайда шағымдану керек? Қаншама өтініш жазылды, қаншама тексерістерден өттік. Бірақ қала әкімшілігінен ешқандай нақты жауап жоқ", – деді тұрғын.

Мәліметтерге сенсек, көлік жуатын орын қаладағы "Көктем" дүкенінің жанында салып жатыр. Бұл мәселеге қатысты Астана әкімдігіне сұраным хат жібердік.


Астаналықтар жүк көлігі баланы қағып кетуіне байланысты наразылыққа шықты


Қазақстанда ауыз суды пайдаланатын көлік жуу орындарының жұмысына тыйым салынады


Еске салайық, бұған дейін Астанадағы аулалардың бірінде велосипедпен кетіп бара жатқан баланы жүк көлігі қағып кеткен еді. Ауыр жарақаттардың салдарынан ол көз жұмды. Осы қайғылы жағдайдан кейін тұрғындар наразылыққа шығып, баланың өліміне BI сервис компаниясын кінәлады. Тұрғындардың сөзінше, аулада велосипедке арналған жол да, бағдаршам да жоқ. Сол себепті бала амалсыздан жолдың бойымен жүрген.

 

STAN.KZ
Сенбі, 26 Сәуір, 2025 18:18
Талқылау