Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

"Құлық ісініп, бітеп тастаған": Желіде үнемі вакуумды құлаққап тағып жағдайы нашарлаған қыздың видеосы тарады

Фото: видеодан скрин

Желіде құлаққаптың кесірінен құлағынан өте көп мөлшерде құлыққа толы масса шыққан қыздың видеосы тарады. Дәрігердің айтуынша, ол вакуум құлаққапты үнемі тағып жүрген. Ұзақ уақыт құрылғымен жүрудің салдарынан қандай ауру пайда болады? Бұл туралы маман Stan.kz тілшісіне айтып берді.

Желіде тараған ақпаратта, бойжеткен құлақ ауруына шағымданып мамандарға жүгінген. 

“Бойжеткен бас ауру, құлақ шуылдау сияқты шағымдармен келді. Тіпті жолда кетіп бара жатқанда естімей, көлік қағып кетуге сәл қалған да жайттар болған. Оны эндоскоп арқылы қарағанымызда құлағы құлыққа толып, бітеліп қалған. Одан бөлек, вакуумды құлаққап таққан кезде құлақта ылғал пайда болып, сары түстегі заттар одан сайын көп бөлініп, ісініп, үлкейіп кеткен. Бұл бас ауруы, мазасыздық пен есту қабілетінің төмендеуіне әкеледі. Ісініп, толып тұрғандықтан терісі ауырып, есту қабілеті төмендеді”, – делінген видео жазбаларында.

@lor_center #лорамироваастана #рек #лорцентр #лорврач #медицина #эндоскоп #ухо ♬ оригинальный звук - lor_center

Алматылық балалар мен ересектердің лор маманы Әділбек Рахымұлы құлаққапты күніне 3 сағаттан артық қолданбау керегін жеткізді. 

“Онда да дауыс нормасын сақтау керек. Тым қатты дыбыстар тек құлық бөлінуі ғана емес, есту нервінің жұмысын да қабындырады. Тіпті бұл егде жастағы адамдарда көп кездесетін сенсорлық есту қабілетінің нашарлауына әкелуі мүмкін. Құлаққапты көп қолданатын адамдарда бірінші құлағы бітеліп, ауру пайда болады. Құлағында шу пайда болып,  су тиген кезде құлық одан сайын ісініп, сыртқы есту жолының терісіне тіреліп ауырады. Ең қауіптісі, сыртқы есту жолының терісі қабынып, сыртқы отитке (сыртқы құлақ инфекциясына) алып келеді”, – деді маман. 



Лор көбіне 15 жастан жоғары 35 жас аралығындағы адамдар осындай ауру белгілерімен көп жүгінетінін алға тартты. Одан бөлек, маман вакуумды емес, арнайы үлкен компьютерлік құлаққап секілді ауа кіріп тұратындай құрылғыны қолдануға кеңес берді.

“Иә, құлаққап есту қабілетін жоюы мүмкін. Себебі олар естуге жауапты жүйке қызметін зақымдайды. Жоғары дыбыста магнитті толқын болады. Адамдарда көбіне есту қабілеті өзіне білінбестен жаймен төмендейді. Тіпті біздің телефонды құлаққа жақындатып, сөйлеуіміз бен көлікте дыбысын барына қойып, музыка тыңдаудың өзі естуге әсер етеді. Ең қорқыныштысы құлағына күш сала берген адам естіп жүріп бір сәтте-ақ саңырау болып қалуы мүмкін”, – деп қорытты маман. 

STAN.KZ
Дүйсенбі, 28 Сәуір, 2025 11:10
Талқылау