Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

TikTok желісіне тапанша мен пышақ ұстаған суреттерін жүктеген бір топ жасөспірімнің басы дауға қалды

Ақтөбеде 16-17 жас аралығындағы бір топ жасөспірім атыс пен суық қаруды ұстап желіге суреттерін жариялаған. Полиция заңсыз қару ұстаған жасөспірімдердің кім екенін анықтап, жауапқа тартты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Polisia.kz 

Полиция жасөспірімдердің әрекетін желілерге мониторинг жасау барысында анықтаған. 16-17 жас аралығындағы жасөспірім желіге суыққа ұқсайтын атыс тапаншасы мен пышақпен түскен суреттерді жүктеген.

“Барлық қатысушылардың жеке басы жедел тексеруден кейін анықталды. Оның бесеуі колледж бен ЖОО студенттері, біреуі оқушы. Жігіттердің бірінен газ тапаншасы тәркіленді. 

Жасөспірімдер әрекеттерін мойындады. Олар мұны біреуге қауіп төндіріп, зорлық-зомбылық жасау үшін емес, "контент үшін" пайдаланғандарын алға тартты. Полиция олармен және олардың ата-аналарымен профилактикалық әңгімелер өткізіп, барлығын есепке алды”, – делінген ведомство хабарламасында. 



Полиция фото және видео жойылып, оқу орындарында түсіндіру іс-шаралары өткізілгенін мәлімдеді.

Еске сала кетсек, Ақтөбе мен Қаскелеңде терроризмді насихаттаған тұрғын 9 жылға сотталған еді. Ер адам үйінде 30 шақты қару сақтаған. 

Талқылау