"Заңның аты заң": Экология министрі Қызыл кітапқа енген гүлді жұлған әйелге 12 миллион теңге айыппұл салуды құптайтынын айтты
Экология министрі Ерлан Нысанбаев Қызыл кітапқа енген, сирек кездесетін қызғалдақтарды жұлған қазақстандыққа 12 миллион теңге айыппұл салынған резонанстық жағдайға пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Видеодан скрин
Министр бұл жағдайға "Заңның аты заң" деп қысқаша қайырды. Айтуынша, экологиялық заңнаманы бұзғаны үшін жауапкершіліктен ешкім босатылмайды.
"Әділдік деген не? Заң бар. Мұның бәрі заңға сәйкес. Біз құқықтық мемлекетте өмір сүріп жатырмыз. Әділ ме, жоқ па, қалай айта аламын. Заңда жазалау шарасы көрсетілген. Сондықтан бәрі түсінікті деп ойлаймын", – деді Нысанбаев.
Еске салсақ, Қызыл кітапқа енген гүлді жұлған түркістандық әйелдің үстінен қылмыстық іс қозғалғаны туралы хабарлаған едік. Оған 12 миллион теңгеге жуық айыппұл салынуы мүмкін.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”