Қалыңдықтың туыстары аяқкиіміне аз төлегені үшін күйеу жігітті таяқпен ұрып тастаған
Үндістанның Уттар-Прадеш штатында қалыңдықтың туыстары күйеу жігіттің көбірек ақша бермей сараңдық танытқаны үшін оны ұрып тастады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Kalinga TV порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Дау-дамайдың себебі дәстүрлі Joota chupai үйлену ойыны кезінде болған. Ойынның мәні қалыңдықтың сіңлілері күйеу жігіттің аяқкиімін әзілдеп ұрлап тығып қояды. Күйеу жігіт келісілген соманы төлемейінше, қайтармайды.
Үйлену тойына дейін күйеу жігіт 50 мың рупий (200 мың теңгеден аса) төлеймін деп уәде берген. Бірақ ойын кезінде ол қалыңдықтың сіңлілеріне он есе аз берген. Кейін ашуға булыққан қыздар оны қайыршы деп атап, бөлмеге қамап таяқпен ұрған.
Ал бұл уақытта күйеу жігіт пен қалыңдықтың туыстары басқа мәселе бойынша жанжалдасқан. Олар сыйлықтардағы алтынның сапасына көңілі толмаған.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"