Ер адам аян беретін түстен соң миллионер атанды
АҚШ-та ер адам аян берілген түс көргеннен кейін лотереядан бір миллион доллар (500 миллион теңгеден аса) қаражат ұтып алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі UPI порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: pixabay.com
Лотерея ұйымдастырушыларының мәліметінше, Томми М. есімді Вашингтон тұрғыны 26 наурызда ұтыс билетін сатып алған. Ер адам қиын кезеңдерді бастан өткеріп жатқанын айтты. Оның анасы, көп ұзамай сүйікті иті көз жұмған.
Алайда кейін Томми қызық түс көрген.
"Түсімде маған миллионер болатыным туралы айтты. Міне, түсім шындыққа айналды", - ол.
Томми сондай-ақ лотерея билеттерін он жылдан көп уақыт, бірнеше жылдар бойы тек бір алып жүргенін айтты.
"Бәріміз тұрақты ойыншылармыз және бір-бірімізді жақсы білеміз. Әркез қандай сандар түскенін, кімнің жеңгенін өзара талқылаймыз. Бұл жолы мен ұттым", — деп қосты ол.
Ұтыс иесі қаражаттың бір бөлігін демалысқа жұмсауға шешім қабылдаған. Ал қалғанын зейнетақы шотына аударады екен.
Қазақстандық оқушыны спорттық аяқ киіммен барғаны үшін мектепке кіргізбей қойған
Анасы: "Жолда оған бірдеңе болып қалса ше? "
Алматы облысында ер адамды мопед қағып, көз жұмды: Туыстары іс қозғалмай жатқанына наразы
Алматы облысында ер адамды мопедпен қағып өлтірген жасөспірімге ешқандай іс қозғалмайды