"21 пәтер заңсыз сатылған": Астаналық квазимемлекеттік компанияның бас директоры сотталды
"Елорда Құрылыс" құрылыс компаниясының басшысына қатысты сот үкімі шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: shutterstock.com
Компания басшысына қызметін асыра пайдалану бабы бойынша айып тағылған.
"Прокурорлық тексеру барысында ЖШС қызметінде астанадағы тұрғын үй кешенінде 460 миллион теңгеге 21 пәтердің нарықтық бағадан төмен бағада заңсыз сатылғаны анықталды. Барлық пәтер олар мемлекет меншігіне қайтарылды", – делінген хабарламада.
Сот "Елорда Құрылыс Компаниясы" ЖШС бас директорын 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасына тартты. Үкім заңды күшіне енді.
Еске салсақ, бұған дейін Астанада "Елорда құрылыс" компаниясының бөлім басшысы 10 жылға сотталған еді.
Астанада 68 жастағы қарияны металл іздегіштен өтерде шалбарын шешкені үшін жазаға тартты
Қазақстандықтар қарияны жақтап полицияның әрекетіне наразылық білдірді
"Алып қашып кетпек болған": Алматыдағы гүл сататын дүкен қыздың жеке дерегін біреулерге беріп жіберген
Белгілі болғандай, бұл жігіт бұған дейін де мазалап жүрген