Лох-Несс көлінде алғаш рет су құбыжығы кадрларға түсіп қалды
Лох-Несс көлінде әйгілі құбыжық ұзақ уақыттан бері алғаш рет камераға түсіп қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Dailymail.co.uk порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: Loch Ness Centre
Драмнадрочиттегі Лох-Несс көлін зерттеу орталығы көлдің солтүстік шетіне жақын орналасқан дорес жағажайында жаңа сурет түсірілгені белгілі болды. Ер адам Google Pixel 8 Pro құрылғысына судың үстіне шыққан сұр массаны түсіріп алған.
Бірнеше минут бойы ол оны бақылап отырған. Бұл мифтік құбыжықтың 2025 жылдағы алғашқы болжамды көрінісі болды.
"Осы жылдары бізде көп бақылаулар жүргізілді. Дегенмен осы жолғысы қызық болды. Бұл Лох-Несс көлі мен онда өмір сүретін құпияға толы жаратылыстарды зерттеуге көмектеседі", – деді орталықтың бас директоры Нагин Ишак.
Loch Ness Exploration (LNE) The Quest тәуелсіз ерікті зерттеу тобымен бірлесе отырып, орталық екі жыл қатарынан құбыжықтарға зерттеу жүргізіп келеді. Орталық Абердин университетімен Нессидің құпиясын ашу үшін озық технологияларды қолдана отырып жұмыс істейді.
LNE негізін қалаушы Алан Маккенна көлге келген туристерді өз зерттеулерін көруге шақырды.
"Аңызға айналған құбыжықты іздеуде Лох-Несс суларын зерттеуге деген ынта-жігерді көру керемет сезім. Бұл көлден қызық айғақтар көрсеңіз де, бейнелер мен бірдеңенің барын білсеңіз де тыңдауға дайынбыз", – деді Алан Маккенна.
2025 жылы Нессидің алғашқы бейнесін О ' Фаодагейн веб-камера арқылы көлді бақылап, одан шамамен 20 фут биіктікте көтеріліп, батып бара жатқан бейнені байқаған.