"Бәрі артта қалды": Қайрат Нұртастың әкесі жақсы жаңалығын бөлісті
Белгілі продюсер Нұртас Айдарбеков отбасындағы қуанышты жаңалықты бөлісті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: https://vk.com/
Медиа менеджер немересінің сүндеттелгенін айтты.
“Өзімнің ұлымдарымды сүндетке отырғызған кезде, өзім жас болдым ба, еш нәрсе ойлаған жоқ едім. Осы немерелерімді сүндетке отырғызғанда мен үшін қиындау болды. Бүгін бәрі артта қалғандай, немерем жүгіріп жүргенін көріп, көңілім жайлаған соң, салып отырмын, ағайын! Алла баршаңызға осындай қуанышты күн сыйласын”, – деп жазды продюсер.
-
"Сол кезде сыйлы болармыз": Қайрат Нұртастың ата-анасы шетелге көшуге қатысты пікір білдірді
-
"Нәпақасын менен тауып отыр": Гүлзира Айдарбекова не үшін үйді ақшаға жинататынын түсіндірді
Еске салайық, Нұртас Айдарбеков ұлы Қайрат Нұртастың аяғынан шалушы көп екенін айтқан еді.
“Қайрат бала күнінен сахнада жүр. Менің шешем керемет әнші болған. Әкем де әу деп қоятын. Бірақ ол кезде заман басқа болып, мал шаруашылығымен айналысты. Нағашылар жақта да өнерлі адамдар бар. Қайратқа екі жақтан да берілген болуы керек. Алайда ұлым балаларының өнерге барғанын қаламайды. Өнерде жүріп түрлі қиындыққа тап болды. Аяқтан шалушылар көп. Республика сарайына кіре алмай қалған”, – деген еді Нұртас Айдарбеков.