Әнші Алмас Кішкенбаевтың жасөспірімге тиіскені үшін полицияға жеткізілгені туралы ақпарат тарады
Алматыда 30 қаңтарда құқық қорғау органдарына ұлы курьер болып жарты күн жұмыс істейтін азаматтан Алмас Кішкенбаевтың үстінен арыз түскен. Қазіргі уақытта полиция жағдайды тексеріп жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Журналист Михаил Козачковтың мәліметінше, 2007 жылы туған жігітке кешкі сағат тоғыз шамасында үш бөтелке сыра жеткізу туралы тапсырыс түскен. Жігіт дүкенге кіріп, тауарды алып, тұтынушыға апарған. Содан кейін оғаш оқиға орын алған.
17 жастағы баланың айтуынша, сыраға шамамен 40 жастағы ер адам тапсырыс берген. Ол алкогольді алып, кейін курьерге бірге ішуді ұсынған.
“Оның үстіне, сол кезде ер адам 11-сынып оқушысының интимдік жағынан ұстап алған. Курьер дереу үйіне барып, әкесіне бәрін айтып, құқық қорғау органдарына хабарласқан.
Арызда келтірілген уәждерді тексеру аясында полиция қызметкерлері сыраға тапсырыс берген адамның пәтеріне барып, оны полиция бөлімшесіне жеткізген. Ер адамның есімі Алмас Кішкенбаев”, – деп жазды журналист Telegram парақшасына.
Алматы қаласы полиция департаменті оқиғаға қатысты пікір білдірді.
“Әкесі кәмелетке толмаған ұлына тиісу фактісі бойынша арыз жазды. Қазіргі уақытта жағдай бойынша тексеру жүргізіліп жатыр. Барлық мән-жайды анықтау үшін азамат К. полицияға жеткізілді”, – делінген хабарламада.