Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Әке-шешемнің салғырттығы себеп болды": Онкологиямен ауырып, қолын кесуге мәжбүр болған ару қазақстандықтардан көмек сұрады (видео)

Қатерлі ісікпен ауыратын 27 жастағы шымкенттік Жұлдыз Алжанованың қолына жеті рет ота жасалып, соңғысында бір қолын кесіп тастады. Ата-анасы қыздарының дертіне немқұрайлы қарап, емдеу шараларын созып жүре берген. Жаман ауру өкпесіне шауып, қазір ол Оңтүстік Кореяда емін жалғастырып жатыр. Ару қазақстандықтардан көмек сұрап, денсаулығын қалпына келтіруге қаражат жинап беруді сұрайды. Оның қазіргі жағдайын Stan.kz тілшісі хабарласып, сұрап білді.

Фото Жұлдыз Алжанованың жеке архивінен

 "Тұқымқуалаушылық бар секілді..."

Жұлдыз Алжанова бала кезінде жерге қолымен қатты құлап, жарақаттап алған. Болмашы сызат деп мән бермеген ата-анасы қыздарының денсаулығына салғырт қараған. Қыз жаман ауру нағашыларынан келген деп топшылап отыр.

"Әке-шешемнің айтуынша, бұл жағдай 3 жасымнан басталды. Себебі сол кезде қолыммен қатты құлап, жарақат алдым. Үлкендер ауруханаға апарған екен. Бірақ ол туралы толық ашып, екеуі де айтқан жоқ. Есімде, балабақшаға барып жүргенде қолды шапалақтатып ойнататын. Ойнаған кезде қолым қатты ауырып, өкіріп жылайтынмын. Баскетбол, волейбол деген спорт түрлерін мүлдем ойнай алмайтынмын. Кейде сыныптастарым қолым ауыратынын біле тура мазақтайтын. Ойлана келе, анам жақтан бұл ауруға тұқымқуалаушылық бар секілді. Себебі әжем онкологиядан қайтыс болды. Олар бұл туралы өте кеш білді. Анамның үлкен әпкесінің басында да ісік болды", – деді Жұлдыз Алжанова.

Жұлдыз Алжанованың қолына ампутация 10 сәуірде жасалды. Ол орталық әсер ету механизмі бар есірткілік опиоидты анальгетик қабылдаса да, ауырсынуға шыдамаған.

"Ота өте ауыр өтті. Қатты ұйып ауырды. Бір сөзбен айтқанда, ауырсыну шогына шыдай алмадым. Трамодолдың өзі де әсер еткен жоқ. Амалым таусылды. Өйткені қолым жұмыс істеуге жарамсыз болып қалды. Бұған дейін қолыма 7 рет операция жасалды. Негізі, бесінші отада дәрігерлер ампуция жасамай тұрып, химия-терапия қабылдасын деп айтты. Егер жағдай қиындаса қолымның басбармағын кесеміз деді. 2019 жылы менімен бірге әкем дәрігерге еріп барды. Алайда әкем емге де, кесуге де қарсы шықты. Қолымды аман алып қалғысы келді. Ал соңғы ампутацияға келісімді өзім бердім. Қолымдағы ауру өкпеге шауып, көлемі ұлғайып кетті. Сондықтан басқа жерге метостаз (ауру тудыратын ісік клеткаларының екінші ошағы) өтпей тұрып, кесіп тастауды ұйғардым", – деді қыз.

Фото Жұлдыз Алжанованың жеке архивінен

“Барлық жерге өзім жүгірдім”

Ота кезінде Жұлдыздың жанында ешкім болмаған. Тіпті жанына демеу болатын ата-анасы да көмек бермеген. Қыздың сөзінше, ол шетелге барып, ем іздемегенде бәрі кеш болатын еді. 

"Қолымды аман алып қалуға болар еді. Мұнда біріншіден, әке-шешемнің салғырттығы, екіншіден жаны ашитын дәрігердің болмауы, үшіншіден, денсаулығыма немқұрайлы қарауым болды. Бала кезде қолым қатты ауырып, қатты жылағаным үшін әкем анамды ұрып тастаған еді. Содан бері ауырғаны туралы ешкімге айтпай, шыдап келдім. 4-5-6-сыныптарда анализ қағаздарын оқығанда жаман ауруға күдік болған екен. Бұған ата-анам назар аудармаған. Бірақ барлық жерге өзім жүгірдім. Қазір қолым ауырмайды", – деді Жұлдыз Алжанова.

“Халық емін қолданып жүргенде көп уақытымды зая кетірдім”

Қыздың жақындары оны білікті дәрігерге апарып, көрсетудің орнына халық еміне жүгінуді дұрыс көрген. Жұлдыздың айтуынша, бақсыларға барып, "Тянь-Шянь" БАД-ын ішіп, уақытын жоғалтып алған.

"Үлкендер дәрігерлердің айтқанын елемей, “көріп тұрсың, ем-шара нәтижесіз болып жатыр" деп жиі айтты. Түптеп келгенде ол ем-шаралар соңына дейін жалғасын таппады. Осы кезде ісімей тұрған қолым үлкен болып кетті. Бір үйде тұрған соң амал жоқ солардың айтқанын істедім. Халық емін қолданып жүргенде көп уақытымды зая кетірдім. Сөйтіп дертім 3-стадияға өтіп кетті. Жұмсақ тіндердің саркомалары бар қатерлі ісік диагнозы қойылды. Ата-анам диагнозымды біле тұра, ешнәрсе істемеді. Басқалардың жақындары секілді ат-үстіме түскен жоқ. Бауыр еті баласы үшін жанын салған жоқ. Дәрігердің қабылдауына жалғыз баратынмын. Әсіресе, медбикелер “әке-шешең, бауырларың бар ма?” деп сұрағанда, өзімді қоярға жер таппайтынмын", – деді кейіпкер.

Фото Жұлдыз Алжанованың жеке архивінен

Жұлдыз Алжанованың жоғары білімі бар. Алайда қазір жұмыс істемейді. 2023 жылдан бастап толық емнен өтіп жатыр.

"Бүгінге дейін еміме кеткен жалпы сомма 30 миллион теңгеден асады. Бастапқы 15 миллион теңгені әкем берді. Алайда көп сома бергенімен, артымнан ауыр-ауыр сөздер айтты. Ем-шара жақсы нәтиже беріп жатқан кезде әкем маған “сол Кореяңда өліп қала салшы” деп қатты айтты. Бұдан кейін әлеуметтік желіде адамдардан көмек сұрап, қаржы жинай бастым. Соның арқасында қаражат тиісті ем-домына кетті. Әлі де осы елде емделіп жатырмын. Себебі дәрігерім ұзақ емделесің деп айтты. Күнделікті таргетті препаратты (бұл жаңа әдіс адамның сау тіндеріне мейлінше зақым келтірмей, қатерлі ісікке тікелей әсер ететін препараттарды қолдануды қарастырады) қабылдаймын. 21 күн сайын химия-терапия алып жатырмын. Ең бастысы, менде жақсы нәтиже болып жатыр. Дәрігер мұндай нәтижеге көп адам жете бермейді деп қуантып қойды", – деді науқас қыз.

Жұлдыз Алжанова барша қазақстандықтардан емді үзбес үшін қаржы жинап беруді сұрайды. Оның айтуынша, қазір эмоциялық және материалдық көмекке мұқтаж.

Фото Жұлдыз Алжанованың жеке архивінен

"Берілген кездерім де болған. Қазір ем алып жүргенім үлкен қолдаулардың арқасында. Иә, мен танымайтын, бірақ мен үшін дұға ететін халқым бар. Маған үлкен серпіліс берген де өздеріңіз... Қолда бар алтынның қадірін бар кезде түсініңіздер. Денсаулықпен сыналған кезде өмірге деген көзқарасың 100% өзгереді екен. Себебі осы арқылы жақын адамдарымның екіжүзді екенін біліп жатырмын. Айналыңызды тек сенімді, адамгершілігі бар адамдармен қоршаңыздар. Қазіргі емім тоқтап қалмау үшін халықтан қаражат жағынан қол ұшын созуын сұраймын", – деп ағынан жарылды Жұлдыз Алжанова.

Көмек көрсету үшін реквизиттер: 💳KASPI GOLD: 4400 4302 7555 4316 /📱телефон нөмірі: 8 707 511 27 96

@zhuldiz2711

Маған көп айтады болды все барлық обидаларды жібер деп. Бұл жағдайда бәрін жіберу керектігін менде түсініп тұрмын. Сіздер ойлағандарыңыздай бұл оңай емес! Ауруымның асқынып кетуінен қолыма ампутация жасалды, өзімді қолсыз қабылдау қиын болып жатыр. И любой который болеющий человек нуждается в поддержке и это очень важно. Очень трудно слышать обидные слова, когда ты болеешь. И очень важно, чтобы у вас был кто-то, кто поддерживал бы вас во время лечения! Қазіргі уақытта қолдау көрсетіп жатқан жандарға алғысым шексіз🤍 Барынша қолдарыңыздан келгенше көмек берсеңіздер, қазір маған кез келген көмек қажет, тіпті сіздердің жылы жылы сөздеріңіз🤍 Менің видео посттарымды қолдап, лайк, комментария және репост жасасаңыздар🥺❤️

♬ оригинальный звук - zvezda_2711
Талқылау