Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Екінші Салтанат болғым келмейді": Ақтөбелік әйел өзіне қастандық жасаған бұрынғы күйеуінің сөзін жоққа шығарды

Ақтөбе тұрғыны Алтынгүл Төлепова бұрынғы күйеуі қоқан-лоқы мен қастандық жасағанымен қоймай, желіде ол туралы жалған ақпарат таратқанын айтып, халықтан көмек сұрады. Әйел амалының жоқтығына налиды. 

Ақтөбе тұрғыны Алтынгүл Төлепова бұрынғы күйеуінің қоқан-лоқысы мен қастандық әрекеттерінен мезі болып, өз өмірі үшін қорқатынын айтып, Stan.kz редакциясына жүгінді.

Осыдан кейін әйелдің бұрынғы күйеуі Ахметжан Күзембаев мәлімдеме жасап, керісінше, әйел оны аңдитынын және кәсібін тартып алғысы келетінін айтты.

Алтынгүл Төлепова бұрынғы күйеуінен тығылып жүруден, әрдайым алаңдаулы болудан шаршағанын айтты. Оның сөзінше, ер адам түрлі сылтау арқылы өзін ақтап алғысы келеді. Ол кәсіп тек Күзембаевқа тиесілі емес екенін, оны ортақ құрғандарын айтты.

"Біріншіден, ортақ кәсіпты 2011 жылы екеуміз құрдық. Оны біз азық-түлік дүкенінің ақшасына аштық, ал сол дүкенде мен сатушы боп тұратынмын. Сонда да мен мүлікке таласпадым. 28 тамызда мүлікті бөлу бойынша шағымды ол түсірді. Өз мүлкін ағасының атына аударып алды, оны мен қалай өзіме алып аламын?!”, – деді әйел.

Алтынгүл Төлепова мобильді аударым арқылы қоқан-лоқы көрсеткен хаттарды, қастандық жасалғаннан кейінгі видеоны, қызының жылағанын көрсетті.

“Егер ол кінәсіз болса, неге порноматериал туралы айыпқа пікір білдірмейді? Расымен ауырса, неге дәрігерлік есепте жоқ? Қазақстандық әйелдер тыныш, қауіпсіз өмір сүре ала ма? Мен екінші Салтанат болғым келмегендіктен, шырылдап жатырмын”, – деді ол. 

Талқылау