Мемлекеттік реттеу жойылған жағдайда Қазақстанда бензин 5 теңгеге дейін қымбаттайды – Сәтқалиев
Энергетика министрлігі Алмасадам Сәтқалиев Қазақстанда бензин бағасы күрт өспейтініне сенімді екенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Министр жанармай құнын қаншалықты шекте арттыруға болатынын алдын ала модельдегенін алға тартты.
"Жанармайдың нарыққа жететіні жөніндегі тікелей тәуелділікке назар аудардық. Яғни, бағаның өсу факторы өнім тапшы болған жағдайда ғана көрініс табады. Қазір нарықта тапшылық факторлары мүлдем жоқ. Біз қор құрдық, профицит бар. Сонымен қатар өнімнің шамадан тыс көбеюіне жол бермеу үшін биыл қыста зауыттың жұмысын сәл тоқтаттық. Яғни, қазір бізде абсолютті профицит бар. Сондықтан баға күрт өсетіндей факторлар жоқ", – деді Алмасадам Сәтқалиев.
Оның айтуынша, қысқа мерзімде өсу 1 теңгеден максимум 5 теңгеге дейін болуы мүмкін.
"Нарық көрсетеді. Қазір айтарлықтай әсер ететін өсу факторлары жоқ", – деп сендірді Сәтқалиев.
Әл-Фараби даңғылындағы жол апаты: Куәгерлер "сотталушы ішімдік ішті ме?" деген сұраққа жауап бере алмады
8 маусымдағы сот отырысына Александр Пак онлайн қатысты
Қазақстанда ипотека не себепті қымбат: Нарықтағы әділ баға қандай болуы керек
Экономист мамандар тұрғын үйдің қымбатшылығына не әсер етіп жатқанын айтты