Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қойдың астынан жорғалап өтуің қажет": Желіде ерекше тәсілмен адам емдеген емшінің видеосы тарады

Желіде қоймен адамдарды емдеген емшінің видеосы тарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото видеодан алынды

Видео емшінің үйінің ауласында түсірілген. Емге келген адамдардың қарасы көп. Олар қойдың емдік күші бар екеніне сенімді. Емделушілер қойдың астынан жорғалап өтулері керек. Жерге ешнәрсе төселмегенін байқауға болады. 

"Қойдың астынан жорғалап өтсең, барлық ауруың жоқ болады. Адамдар топ-тобымен келіп жатыр", – дейді видео авторлары.


"Өзінің дәретін ішкізді": Асыранды балаларын азаптаған шымкенттік емшінің тұңғышы шындықты жайып салды


Емшінің айтқан сөздері де желідегілердің наразылығын тудырды. Кадрларда емші әже "Егер қойдың астынан өтпесең, Алла сені ұмытады" деп жас қызды көндірген. Желі қолданушылары бұл емдеу әдісіне таңғалды.

"Қорыққаннан аурудан айығып кететін сияқтысың”, "Қорқынышты", "Баранавирус", "Идея кімнен шықса да, өте жақсы бизнеске айналдырған", – деп жазды желідегілер.

Еске салсақ, бұған дейін Шымкентте ер адам асырап алған алты балаға ит етін жегізіп, мал бақтырып келгені туралы жазған едік.

Өзін “емшімін” деп таныстырған ер адам балаларды Шымкент, Алматы, Өскемен, Астана қалаларындағы балалар үйінен алып кеткен. Екі бала асырап алынды, қалғандары қамқоршылыққа алынды.

Талқылау