Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Тур Де Франс": Велоспортшы жарыс кезінде жұбайын сүйгені үшін айыппұл арқалады

"Тур Де Франс" велотурнирінің кезекті кезеңін жүріп өткен француздық велошабандоз Жюльен Бернар жұбайын сүйемін деп басы бәлеге қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

видеодан скрин

Велосипедші жарыстың жетінші кезеңін аяқтап жатқан тұста әйелімен амандасу үшін аз-кем аялдай тұрған. Және жұбайының ернінен сүйген. Ал спорт ұйымы Бернардың бұл әрекетін "жарыс кезіндегі жағымсыз немесе әдепсіз мінез-құлық, спорттың беделіне кір келтіру" деп бағалаған.

Халықаралық весипедшілер одағы жарыс кезінде спорттық емес қылық көрсеткен Жюльен Бернарды 200 швейцариялық франк (223 доллар) көлеміндегі айыппұлмен жазалады.

Велосипедші өзінің ыңғайсыз әрекеті үшін кешірім сұрауға мәжбүр болды. Бірақ ол "осын сәт қайтадан қайталанатын болса, оны бастан өткеру үншін күн сайын осындай айыппұл төлеуге" дайын екенін айтып, ағынан жарылды. Ол жарыс кезінде жақындарымен кездесу мұндай сәт сирек кездесетінін айтты. Ал оның мансабындағы – керемет сәт.

Талқылау