Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

АҚШ  президенті Байденді ауыстыруы мүмкін кандидаттың есімі аталды

АҚШ президенті Джо Байденді ауыстыруы мүмкін ең ықтимал кандидаттың есімі айтылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі The Wall Street Journal (WSJ) басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: The Wall Street Journal

Байденге ықтимал қарсылас – АҚШ вице-президенті Камала Харрис. Ол алдағы сайлауда Демократиялық партия кандидаты ретінде тіркелген.

Харристің рейтингі төмен болғанымен, демократтар, әйелдер мен қара нәсілділер арасында өте танымал. Байденнің орнына кандидатты іздеу, оның кандидатурасын айналып өту, партия ішінде наразылық пен бөлініс тудыруы мүмкін.



"Харрис ханым президент болуға дайын. Ол өз лауазымына шынымен лайық. Егер вице-президентті елемей, басқа кандидат іздесеңіздер, мен ашуланар едім", – деді Мичигандағы Демократиялық партия өкілі Кит Уильямс.

Байденнің сәтсіз дебатынан кейін оның ең маңызды қорғаушысы Камала Харрис болды. Ол демократтар арасында тез тараған дүрбелеңді жеңілдету үшін бірнеше сұхбат берді.

Айта кетейік, бұған дейін Трамппен пікірталас қорытындысынан кейін демократтар президенттікке жаңа кандидат керек деген ойға келген еді. 

Талқылау