Астанада әскери тікұшақтар көбейген: Қорғаныс министрлігі түсіндірді
Астана тұрғындары мен қонақтары қала төбесінде әскери тікұшақтар көбейгенін байқады. Қорғаныс министрлігі мән-жайды түсіндірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото видеодан алынды
Саммит кезінде Астанада әуе қауіпсіздігі күшейтіледі. Қорғаныс министрлігі 3-4 шілде аралығында елорда аспаны қорғауда болатынын мәлімдеді.
2024 жылғы 3-4 шілдеде Шанхай ынтымақтастық ұйымы саммитін өткізу кезінде Астана қаласында елорданың әуе кеңістігін күзету күшейтілетін болады. Осыған байланысты 28 маусым мен 1 шілде аралығында Қарулы күштер авиациясының ұшу қауіпсіздігі ережелеріне сәйкес жаттығу ұшулары өткізіледі. Астана тұрғындары мен қонақтарынан өткізілетін іс-шараларға түсіністікпен қарауды сұраймыз.
Туыстары мемлекеттік тікұшақпен ұшып жүр: Қырғызстан президенті жиені үшін халықтан кешірім сұрады
Қазақтың ұлттық киімдері қанша тұрады және оларды не үшін киген
Қазақстандағы белгілі брендтердегі киім бағасын салыстырып көрдік
"Наурызға 317 млн, ал Жаңа жылға 793 млн теңге": Қазақстанның бас қалалары Наурыз мейрамына Жаңа жылдан екі есе кем қаржы бөлді
Наурыз бен Жаңа жылды тойлауға қанша қаржы бөлінгенін салыстырдық