Баланың өмірін сақтап қалған қазақстандық полицейді Антикор ұстады
Ақтөбеде эпилепсия талмасы ұстап қалған тоғыз айлық балаға көмектесіп, желінің жұлдызына айналған полицейді антикор ұстады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Aqtobe_sergek парақшасы
Эпилепсиялық талмасы ұстап қалған 9 айлық баланы ата-анасы ауруханаға апара жатқанда кептеліске тіреліп қалған. Баланың әкесі қиылыстағы патрульдік полиция қызметкерлерінен баланы дәрігерлерге жеткізуге көмектесуін өтінді. Полиция қызметкері Батыр Николаев отбасын көлігіне отырғызып, жедел жәрдем ауруханасына жеткізіп, баланың өмірін сақтап қалды.
-
Шымкентте жүргізуші полицейді капотына "отырғызып", бірнеше метрге жүріп өткен (видео)
-
Полицейді боқтап, жұдырық ала жүгірген: Өскеменде келіншек 4 жылға бас бостандығынан шектелді
Бірақ кеше белгілі болғандай, "Батыс-2" шағын ауданында полицей Батыр Николаевты антикор ұстаған. Бұл туралы Aqtobe_sergek әлеуметтік желісінде хабарлады.
“Дереккөздің айтуынша, учаскелік инспектор есірткі таратқан деген күдікке ілінген ағайынды екі жігіттің әрекетін жасырған", –делінген хабарламада.
Ұсталған полицей уақытша ұстау изоляторына жіберілген.
Жергілікті полиция қызметкерінің ұсталғаны туралы жазбаның астына ақтөбеліктер полицейді қолдайтын пікірлерін жаза бастады. Желідегілер оның қылмыс жасауы мүмкін дегенге сенбейді.
Еске салсақ, осыған дейін Қостанайда өзімен бірге жұмыс істейтін әйелін өлтірді деп айыпталған полицейге сот үкімі шыққан.