Шымкентте жүргізуші полицейді капотына "отырғызып", бірнеше метрге жүріп өткен (видео)
Шымкентте көлікті тоқтатпақ болған полицейді жүргізуші капотына салып, бірнеше метрге жүріп өткен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Otyrar басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Видеодан скриншот
Видеодан патрульдік полицейдің Toyota-ның капотында жатып көлікті тоқтатуға тырысқанын көруге болады. Алайда жүргізуші тоқтамай тұрып бірнеше метрге жүріп өткен.
Оқиғаға қатысты пікір білдірген полиция департаментінің өкілдері Toyota жүргізушісін жол ережесін бұзғаны үшін тоқтатпақ болғанын айтады. Алайда ол тәртіп сақшыларының талабына бағынбаған. Аталған жағдайдан кейін жүргізушіге қатысты бірнеше бап бойынша хаттама толтырылыпты.
“Жүргізуші жол жүру ережесін бірнеше рет бұзғаны үшін тоқтатылды. Әкімшілік хаттама толтыру кезінде жүргізуші талапты орындамай, кетіп қалуға тырысқан. Оған қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің бірнеше бабымен хаттама толтырылды”, – делінген хабарламада.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар