Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Әдейі жасайсыздар”: Белгілі әнші Air Astana әуе компаниясын қымбат аспабын жоғалтты деп айыптады (видео)

Әнші Ерлан Көкеев Air Astana әуе компаниясына шағымданды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото видеодан алынды

Көкеев әуе компаниясы тағы аспабын жоғалтып тастағанын айып шағымданған.

"Air Astana, не болып жатқанын түсінсем бұйырмасын. Сіздер әдейі жасайсыздар ғой деймін. Мен қазір ғана Өскеменнен ұшып келдім. Тағы да аспабыммен мәселе туындап отыр. Гитарам жоғалып кетті. Ең бастысы гитара әлі келмеді деп мені алдап отыр. Алдын ала аспап қалып қалмасын деп ескерткен болатынмын. Ешнәрсе болмайды деп айтқан болатын. Бірақ тағы аспабым жоқ. Аспабымды қайтарыңдар”, – дейді Ерлан Көкеев.


Басшы көп, жалақы аз: Air Astana бортсеріктері жұмыс жағдайларын айтып шағымданды


Оқиғаға қатысты Air Astana әуе компаниясының өкілдері түсіндірді. 

"25 маусым күні Өскемен-Алматы бағыты бойынша KS302 рейсін орындайтын ұшақ қонғаннан кейін жолаушы Ерлан Көкеев Алматы әуежайындағы "Жоғалған жүктер" бөліміне жүгінген. Ол гитарасын жүктердің арасынан таппағанын хабарлаған. Қызметкерлер жолаушының өтінішін тіркеп, дереу жүкті іздеуге кірісті. Біз гитараны табу үшін бар күш-жігерімізді салып жатырмыз", – деп хабарлады әуе компаниясының өкілдері.

Еске салсақ, осыған дейін Air Astana ұшағы белгіленген уақыттан 7 сағат ерте ұшып кетті деген депутат Ирина Смирнова әуе компаниясын сотқа беретіні туралы жазғанбыз.

Талқылау