Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қонақүйдегі жасырын есік арқылы сатады: Желіде Таиландта қазақстандық балалардың жаппай ұрланып жатқаны туралы ақпарат тарады

Желіде Таиландта Қазақстаннан балалар ұрланғаны туралы жалған ақпарат тараған. Атап айтқанда белгісіз қонақ үйде жасырын есік арқылы қылмыскерлер балаларды ұрлап, сататыны туралы ескертілген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.  

Фото желі кадрларынан

Таиландта Қазақстаннан балалардың ұрланғаны туралы жалған ақпарат 2024 жылдың наурыз айында таратылған.

"Отандастарымыз Тайландта балаларын жоғалтып алуда. Әйелім екеуміз осыны естігеннен кейін балалармен мұнда бармаймыз деп шештік. Себебі таныстарымыздың арасында Таиландқа 5 және 2 жастағы екі баламен барғандар олар ұйықтап жатқанда, 20 минутқа қонақ үйде қалдырып кеткен. Келсе олар жоқ болып шықты. Осыдан кейін тіпті туроператорладың өзі саяхатқа балаларсыз шығуға кеңес беруде. Әйтпесе бала жоғалса, оның табылмайтынын жергілікті билік те ескертуде", - деді желі қолданушысы. 

Сол кезде бірқатар БАҚ Сыртқы істер министрлігінің бұл жаңалықты жоққа шығарғаны туралы хабарлады. 

Шенеуніктердің айтуынша, бұл видеодағы ақпарат жалған және таралып жүргеніне бірнеше жыл болған. Ол мезгіл сайын ТМД елдеріндегі ақпараттық өрісте пайда болуда. Ал биыл соңғы үш айда елімізде біреу осы жалған ақпаратты белсенді түрде насихаттауға тырысып жүр.



Еліміздің Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров осыған орай пікір білдірді. 

"Бұл бірнеше жылдан бері әлеуметтік желілерде тарап жүрген ескі фейк. Осы тұста бірде-бір адам балаларын ұрлаған ата-аналарды білемін деп айта алмайды. Осы жылдар ішінде елімізде бірде-бір ата-ана, бірде-бір бала мұндай жағдайда болмады", - деді Айбек Смадияров.

Қазақстандық Factcheck.kz. бұл видеоның “Нoliday іnn Istanbul Old city” түркиялық қонақ үйде түсірілгенін жеткізді. Шындығында, видеодағы бұл есік техникалық бөлмеге кіруге арналған. Қылмыскерлердің балаларды бұл есік арқылы ұрлағаны туралы ешқандай дәлел жоқ.

Талқылау