"Қайыршылар сияқты”: Астанада тегін таратылған раушанға таласқан жұрт бір-бірін таптап тастады
Астанада "Жетісу" саябағындағы тегін таратқан раушан гүлдеріне қаумалаған адамдар бір-бірне кептеліп, қысылып қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Оқиғаның видеосы желіде пайда болды. Мүмкіндігінше көп гүл алуға тырысып, бір-бірін итерген адамдар жұртшылықтың ашуына тиді. Көпшіліктің арасында балалар да болған. Бірақ гүлге таласқан ересектер оларды ескермегені көрінеді. Себебі кадрларда “абайлаңыз, бала" деп айқайлаған дауыс шыққан.
Желіде бұл видео астына көптеген пікірлер жазылды.
“Астаналықтар, сендерге не болған? Раушан алдыңыз, олар кейін қурап қалады", “Ер адамдар сіздерге не керек бұл роза?”, “Масқара палау үшін төбелесетін халық, балаға да қарап жатқан жоқ”, "Әдеттегідей талап батыр, бүгін өмірінің соңғы күніндей”, "Астана, тегін зат тарататын жер емес”, "Астанада тек қайыршылар ғана өмір сүріп жатқандай”, "Бейшаралар-ай”, - деп жазады пікір қалдырушылар.
Қазақстанды дүр сілкіндірген оқиға: Өзінен 12 жас үлкен әйелмен некелескен Кристина Чернышева оның қолынан қалай көз жұмды
Қыздың денесі қаланың шетіндегі мола жанынан табылған
Қазақстандағы ең ірі мәмілелер: "Қазақмыс" пен "Қазцинктің" жаңа қожайындары туралы не белгілі
Саясаттанушылар екі кәсіпкер мен олар жасаған мәмілеге қатысты пікір білдірді