Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Украинаға зымыран ұшырып жатқан Ресей базаларын жоюға мүмкіндік беру керек – Макрон

Франция президенті Эммануэль Макрон Украина соққы ретінде зымырандарын ұшырып жатқан Ресейдің базаларын жоюы керек екенін жеткізді. Оның айтуынша бұл үшін Украинаға батыс қаруын қолдануға рұқсат етілуі керек. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі dw.com порталына сілтеме жасап хабарлайды.  

Фото dw.com

28 мамырда Берлин маңындағы мезеберг сарайында Германия канцлері Олаф Шольцпен бірлескен баспасөз мәслихаты өтті. Мұнда Эммануэль Макрон Украинаға зымырандар ұшырылып жатқан әскери нысандарды бейтараптандыруға мүмкіндік беру керек екенін жеткізді. Одан бөлек Ресейдің мақтсатына пайдалану жолында Украинаның жеңілмеуі керек екенін де қоса кетті. 

Баспасөз мәслихаты барысында Франция президенті Украинаға қандай аймақтардан соққы беріліп жатқанын бейнелейтін картаны көрсетті. НАТО-ға мүше мемлекеттердің бірінің басшысы алғаш рет Ресейдегі позицияларға қарсы батыстық қару-жарақты қолдануды ерекше атап өтті.

Өз кезегінде Германия канцлері Олаф Шольц Украинаның халықаралық құқық тұрғысынан барлық мүмкіндіктері бар екенін атап өтті.



Осыдан соң Ресей президенті Владимир Путин Киевтің батыстық жоғары дәлдіктегі ұзақ қашықтықтағы қаруды қолдану мүмкіндігі туралы пікірталасқа қатысты жауап берді.

"Бұл – өте маңызды нәрсе. Біз, әрине, мұны өте мұқият бақылап отырмыз. НАТО елдерінің өкілдері, әсіресе Еуропада, өздерінің ойларын сараптап барып айтуға тиіс. Олар тығыз халық пен шағын аумақты ескеруі керек. Ресей аумағына соққы беру туралы айтпас бұрын осылар ойландыратын фактор", – деді Путин.

Талқылау