Оралдағы әк зауытында жұмысшыны төсеуші автомат басып, қаза тапты
Орал қаласында әк зауытында 51 жастағы жұмысшыны төсеуші автомат басып, қаза тапты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Хабар 24” арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото сюжет кадрларынан
Еңбек инспекциясы марқұмның кәсіпорында тасымалдаушы болып жұмыс істегенін жеткізді. Оқиға оның ауысымы кезінде болған. 51 жастағы ер адам алған жарақаттарынан қаза тапты.
Арнайы комиссия оқиғаның мән-жайы мен себептерін анықтап жатыр. Деректерге сай бұл – жыл басынан бері жұмыс орнындағы үшінші өлім фактісі. Алғашқы екеуі коммуналдық кәсіпорындардың бірінде және Чинарев мұнай-газ конденсаты кен орнында болған.
“Тергеу 10 жұмыс күніне созылады. Тергеу аяқталғаннан кейін материалдардың көшірмелері процедуралық шешім қабылдау үшін полиция бөліміне жіберіледі. Өлімге байланысты ҚР ҚК 156-бабына сәйкес кінәлі адамдар анықталған жағдайда бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жауапкершілік көзделген”, – деді БҚО еңбек инспекциясы басқармасының бөлім басшысы Аслан Лұқпанов.