"Біреуге ерегісіп істейтін сияқты": Желі қолданушылары Жұлдыз Әбдікәрімованы қысқа кигені үшін сынап тастады (видео)
Отандық киножұлдыз, актриса Жұлдыз Әбдікәрімова қысқа белдемше кигені түсірілген видеосын Instagram парақшасына жүктеді. Оның қысқа киім кигенін желі қолданушылары сынға алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Видеодан скрин
Жұлдыз Әбдікәрімова желіде жариялаған видео астына өлең жолдарын жазып қойған.
“Уақыт жоқ, уақыт жоқ деп, уақытқа бас ұрамыз, Осы біздер қай жаққа асығамыз? Маған белгісіз автордың мына жазбасы көңілге дөп түсіп тұр”, – деп жазды ол.
Осы тұста желі қолданушыларының актрисаның киіміне қатысты пікірі екіге бөлінді. Бірі “ешкімнің сөзіне құлақ аспаңыз, сіз сұлусыз” десе, енді бірі “оған ешкім көңіл бөлмей жүрген сияқты” деп сынады.
“Әдемі көрінесіз, ешкімнің сөзіне құлақ аспаңыз”, “Ай қазағым-ай, түк жараспайды ғой. Мына образ шынымен түріне жараспай тұр. Осының бәрін біреуге ерегісіп істейтін сиақты. Осы біреуге бірдеңе дәлелдегісі келе ме?", “Қандай сұлу, таза, тәрбиелі, терең де нәзік әйел. Тіпті мұнда жазылған өлең де, сәтті таңдалған ән де керемет әрі жарасымды”, “Гүлзира мен Қайратқа ерегісемін деп қадірің кетті ғой”, “Жасы келген сайын, қылықтары жағымсыз болып барады”, “Жасым 65-те. Қызым жарайсың, әдемісің, мықты анасың. Заманға қарай киінгенде тұрған ештеңе жоқ”, “Еееее, жастық шақ, қайта келмес. Бала-шаға деп өтіп кеткен өмір ғой. Бәріне қол жеткізген ана, өзі үшін бақытқа бөленіп жүрген әйел. Керемет”, – деп жазды олар.