Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мағзұм Мырзағалиев "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясының басқарма төрағасы қызметінен кетті

"ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясының басқарма төрағасы болған Мағзұм Мырзағалиев қызметінен кетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото Ақордадан 

"Самұрық-Қазына" қорының басшысы Нұрлан Жақыпов төрағалық қызметі үшін Мағзұм Мырзағалиевке алғысын айтты.

Мағзұм Мырзағалиев бұл қызметке 2022 жылдың сәуір айында тағайындалған. Ал оған дейін президенттің кеңесшісі қызметінде үш ай жұмыс істеді.

Ал Асхат Хасенов "ҚазМұнайГаз" басшысының міндетін атқарушы болып тағайындалды. 

"Самұрық-Қазына" АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ ұжымына Асхат Хасеновты таныстырды. Оған "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ Акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы өткізілгенге дейін басқарма төрағасының міндеттерін атқару жүктелген", – делінген хабарламада.



Мағзұм Мырзағалиев 2021 жылғы 9 қыркүйектен 2022 жылғы 13 қаңтарға дейін Энергетика министрі қызметін де атқарған. Сондай-ақ Экология, геология және табиғи ресурстар министрі болған. 

Талқылау