"Солтүстік аймақтарда айдың соңына дейін үсік жүреді": Қазгидромет мамыр айына арналған ауа-райы болжамын ұсынды
Қазгидромет мамыр айына арналған консультативтік ауа райы болжамын ұсынды.Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Мамыр айында жазғы атмосфералық процестерге көшу жүзеге асырылады. Көпжылдық мәліметтерге сәйкес оңтүстік аймақтарда үсік айдың бірінші жартысында, ал солтүстік аймақтарда - айдың соңына карай аяқталады. Бірақ кей жылдары соңғы үсік айдың соңында, тіпті маусым айында болуы мүмкін.
Ауа райының тұрақсыз сипаты: жаңбыр жауып, найзағай ойнап, екпінді жел соғады, айдың кей күндері бұршақ жаууы мүмкін.
Кей күндері жоғары температура көрсеткіші басым болады: республикамыздың солтүстік жартысында күндіз ауа +25+35°C дейін ысуы мүмкін. Оңтүстік жартысында +30+40°C дейін ыстық болады.
Суық толқындар әсерінен ауа температурасының төмендеу ықтималдығы жоғары:
солтүстік, шығыс және орталық аймақтарда, сондай-ақ елдің оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда түнде -5+5°C дейін, күндіз +10+15°C дейін.
Еліміздің батысында және оңтүстік жартысында ауа температурасы түнде +5+15°C дейін, күндіз +16+26°C дейін.
Мамыр айында республиканың басым бөлігінде орташа айлық ауа температурасы нормадан 1-2° жоғары, батыс аймақтарда норма шамасында.
Мамыр айында жауын-шашын мөлшері республиканың басым бөлігінде норма шамасында, елдің қиыр батысында нормадан жоғары, Қазақстанның оңтүстік, орталық өңірлерінде нормадан аз болады деп болжануда.
Айта кетейік, бір айға арналған ауа-райы болжамын консультативті болжам ретінде пайдалану керек, кейіннен синоптикалық жағдайдың өзгеруіне қарай түзету енгізіледі және онкүндікке арналған ауа-райы болжамдарымен нақтыланады.
"Адамдар келсе айт, жылауға дайындалайық": Қазақстандықтар жаназа кезінде бастан кешірген жағымсыз жайттары туралы баяндады