Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Адамдар қандай ұятсыз": Астанада белгісіз азамат естімейтін, сөйлей алмайтын такси жүргізушісіне жол ақысын төлемей кеткен (видео)

Астанада белгісіз азамат такси жүргізушісінің құлағы естімейтінін және сөйлей алмайтын пайдаланып, ақысын төлемей түсіп кеткен. Жүргізушінің қызы желіге видеосын жариялап, жұртшылықтан көмек сұрады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото желі кадрларынан

Жүргізушінің қызы белгісіз азаматтың тек екі аялдамадағы мекенжайға тапсырыс бергенін айтады.

“Менің әкемнің құлағы естімейді және сөйлей алмайды. Соған қарамастан көлігінің несиесін өтеу үшін күні бойы адамдарды тасып жұмыс істейді. Ал мына жігіт секілді адамдығы жоқ жандар екі-үш аялдамаға әдейілеп жайлы (комфорт) такси шақырып, белгіленген орынға жеткенде қайтып келетінін айтып, көлікті тоқтатып түсіп кетеді. Төлемді қосымшада қолма-қол деп белгілеген. Бұл малғұнды әкем Астананың кептелісінде сағаттап тұрып айтқан жеріне жеткізді. Онымен қоймай ол мазақ қылғандай телефонын көлікте қуаттап алған. Егер осы жігітті білсеңіздер маған жазыңыздаршы. Адамның естімейтінін, сөйлемейтінін пайдаланатындар көп”, -деп жазды TikTok желісін пайдаланушы. 

Бұл видео жұртшылық назарын аударып, көпшілік таласа пікір білдірді.



“Қанша төлемеді, мен төлеймін. Еліміздегі еңбегі бағаланбаған адамдарға қарау мен үшін өте ауыр”, “Бәріміз жиналып көліктің несиесін өтеп берейік”, “Қандай өкінішті, әкеңізге тек жақсылық тілеймін”, “Ақша маңызды емес. Мен сіздің әкеңізге бірдеңе істеп қоя ма деп қорқып кеттім. Құдай сақтасын, тыныш кеткені де жақсы. Қазір өз көлеңкемізден қорқатын болдық қой”, “Әкеңіз тым мейірімді”, “Адамдар қандай ұятсыз”, -деді желі қолданушылары. 

Stan.kz тілшісі жағдайға байланысты Астана полиция департаментінен пікір сұрады. 

“Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері жолаушыны анықтау бойынша іздестіру шараларын жүргізуде”, – деді ведомство.

@aitishova #такси #таксиастана ♬ Another Love - 𝐏𝐌𝐕
Талқылау