Талдықорғанда шенеунік белгісіз көшені жөндеуге мемлекеттен 500 миллион теңге сұратқан
Талдықорғанда шенеунік көше жөндеуге мемлекеттік сатып алудан 500 миллион теңге сұратқан. Қызығы ол қаражаттың нақты қайда қандай көшеге жұмсалатынын көрсетпеген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Жетісу облысы прокуратурасының мәліметінше, шенеуніктің күдікті әрекеті назар аудартқан.
"Тапсырыс беруші жөндеуді қажет ететін көшелердің атауларын нақтыламаған. Ақаулы актілер мен әр көше бойынша жұмыстардың сметалық құнын анықтап бермеген", – деді қадағалау органы.
Прокурорлар осы мемлекеттік сатып алу конкурсымен бірге тағы бесеуінің күшін жойған. Солардың бәрін есептегенде шенеуніктер жоспарлаған тапсырыстардың жалпы сомасы 1 миллиард теңгеден асады екен.
"Тапсырыс берушілер конкурстық құжаттамадағы біліктілік талаптарын негізсіз асыра бағалады. Сондықтан әлеуетті өнім берушілердің мемлекеттік сатып алуға қатысуын шектеп қиындатамыз", – деді ведомство.
"Әлемде мейірім барына сендіретін жандар": 2025 жылғы жан жылытар әрекеттер мен халықты тәнті еткен қазақстандықтар
Желі қолданушыларын тәнті еткен халық арасындағы қаһарман кейіпкерлердің әрекеттеріне шолу жасадық
2026 жылы қазақстандықтарға ақшаны қалай сақтаған тиімді – Қаржы сарапшылары кеңес берді
Жаңа жылда қазақстандықтарды қосылған құн салығының өсуі, инфляция бәсеңдеуі сынды жаңашылдықтар күтіп отыр