Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Семейде мейрамхана маңында бір топ адам жаппай төбелесті (видео)

Семейде "Кең-Дала" мейрамханасының маңында түнде 10 адам қатысқан жаппай төбелес болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Сурет желі кадрларынан

Желіде жарияланған видеода азаматтар арматура қолданып, төбелес кезінде бір жігіт жарақат алып, құлағаны көрінеді. Кейбір дереккөздердің мәліметінше, жәбірленуші ауыр жарақат алып, комаға түскен.

Оқиғаға байланысты Абай облысының полиция департаменті пікір білдірді. 

“Әлеуметтік желіде таратылған жаппай төбелес фактісіне қатысты бейнежазба бойынша 20 қаңтарында Семей қаласының Затон полиция бөлімі - денсаулыққа зиян келтіруге бейімделген заттарды қолдана отырып, адамдар тобы жасаған қасақана денсаулыққа ауыр зиян келтіру және бұзақылық бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастағанын хабарлайды. Қазіргі уақытта кінәлі адамдар анықталып уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды”, – делінген хабарламада. 

Полиция сонымен қатар жанжалға қатысушылар арасында қаза тапқандардың жоқ екенін алға тартты.


Талқылау