Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ішкі істер вице-министрі Бишімбаевтың сотына қатысты сұраққа жауап берді

Экс-министр Қуандық Бишімбаевқа тағылған жаңа айыптар қаралады. Ішкі істер вице-министрі Игорь Лепёха осылай деп мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Мәжіліс кулуарында Игорь Лепеха экс-министр Қуандық Бишімбаевқа тағылған ауыр айып қаралатынын жеткізді.

"Бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевқа Қылмыстық кодестің 2-бабы бойынша жаңа айып тағылған. Бишімбаевтың ісі қарауға жіберіледі", - деді министрдің орынбасары.

Еске салайық, кеше экс-министр Қуандық Бишімбаевқа Қылмыстық кодекстің 110-бабы 2-бөлігі("Азаптау"), Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігі 5-тармағы ("Аса қатыгездікпен адам өлтіру") бойынша жаңа айыптар тағылған еді.
Бұған дейін бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деген күдікпен ұсталған. Кейіннен қылмысты жасырды деген айыппен Салтанат Нүкенова көз жұмған мейрамхананың директоры да тұтқындалды.

Сондай-ақ өз әйелін өлтірді деп айыпталған Қуандық Бишімбаевқа қатысты тергеу аяқталғаны және Бишімбаевты қамауда ұстау мерзімі ұзартылғаны туралы жазған едік.

Талқылау