Алматы облысының тұрғындары мас ер адамды педофил деп ойлап, соққыға жыққан
Алматы облысы Шамалған ауылының тұрғындары қызды зорламақшы болды деген күдікпен ер адамды ұрып-соққан. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Видео авторы ауыл тұрғындарымен бірге кішкентай қызды зорлап жүрген педофилді ұстадық деп мәлімдейді. Олар учаскелік полиция қызметкерін, содан кейін барлық полиция құрамын шақырады. Оған дейін өздері ер адамды ұрып-соғып, оны видеоға да түсіреді.
Істі анықтай келе жағдай мүлдем басқа болып шыққан. Тергеу барысында видеодағы ер адам қонаққа келгені және сыртқа шығып қақпаны шатастырып, басқа біреудің үйіне кіріп кеткені анықталды. Кәмелетке толмаған қыз бала оны көргенде айғайлап жіберген, соның салдарынан ағалары келіп, ер адамды ұрып-соғып ұстаған.
Алайда ұрып-соғу фактісі бойынша іс қозғалмады. Өйткені тараптар полиция бөлімшесінде татуласып, бір-біріне қарсы шағымдары жоқ екенін жеткізді. Бір-бірінен кешірім сұрап тарқасты.
Қазақстанда ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге көтерілсе не өзгереді және кімдердің табысы өседі
Маман: "Қазақстанда ең төменгі жалақыны белгілеудің нақты математикалық формуласы жоқ"
Алматылықтар үй сыртындағы тарихи тақталарды алып тастауға қарсы шықты
Желі қолданушысы: "Ғимараттардың сыртқы келбетін бұзатын кондиционерлер орнатуға, балкондарды әйнектеуге жол бермеу керек еді"