Ресейлік олигархтың санкцияларды айналып өту үшін Қазақстаннан бизнес ұшақ сатып алғаны туралы ақпарат тарады
Бұқаралық ақпарат құралдарында "Олигарх Олег Дерипаска санкцияларды айналып өтіп, қазақстандық Irtysh-Air тасымалдаушысы арқылы Falcon 7X жаңа бизнес-джетін 36 миллион долларға сатып алды" деген ақпарат тарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: elitevoyage.com
Көлік министрлігі бұқаралық ақпарат құралдарында тараған санкцияларды айналып өтіп, қазақстандық тасымалдаушыдан Falcon 7X ұшағын сатып алу туралы ақпарат шындыққа жанаспайтынын айтты.
"Әуе кемелерінің бұл түрі бұрын ешқашан Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерінің мемлекеттік тізімінде болмаған. Irtysh air әуе компаниясының қазіргі уақытта азаматтық әуе кемелерін пайдаланушының қолданыстағы сертификаты жоқ және 10 жылға жуық ұшуды орындамаған", - делінген хабарламада.
Әуе компаниясы бұрын әуе кемесінің бұл түрін ешқашан пайдаланбағанын нақтылады.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар