Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Америкалық актер Леонардо Ди Каприо Қазақстан үкіметін құттықтады

Америкалық актер Леонардо Ди Каприо Instagram желісіндегі парақшасында жойылып бара жатқан ақбөкендерді сақтауда табысты еңбегі үшін Қазақстан үкіметін құттықтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

2002 жылы әлемде бұл сүтқоректілерге жойылып кету қаупі төнген еді. 2005 жылы Қазақстанда олардың саны небәрі 48 мың болса, қазір олардың саны 1,9 миллионға дейін өсті.

"Бұл бұрын-соңды болмаған жағдай. Браконьерлермен күресуде, қорғалатын жаңа табиғи аумақтарды құрудағы еңбегі мен құқық қорғау органдарына үлкен күш жұмсағаны үшін Қазақстан үкіметін құттықтаймын. Бұл Қазақстаның табиғатты қорғау ұйымдарымен, университеттермен және ғалымдармен ынтымақтастық жасап, бірлескен күш-жігеріне негізделген табиғатты қорғау саласындағы табыстың жарқын мысалы", - деп жазды актер. 

Леонардо Ди Каприо көп жылдар бойы қоршаған ортаны сақтауға үлесін қосуда. Сонымен қатар ол жойылып бара жатқан жануарлардың қорғаушысы ретінде көзге түсіп жүр. Оның “Ди Каприо" қоры әлемнің 40 еліндегі ондаған экологиялық жобаларға 30 миллион доллардан астам қаржы бөлген. Бұл әрекеті үшін актер Хрусталь сыйлығын алды.  

Талқылау