Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда Орталық Азиядағы ең үлкен IMAX® залы ашылды

21 желтоқсанда жаңа Aport East сауда орталығындағы HALYK IMAX Kinopark 16 кинотеатрында IMAX® лазерлік залының ресми ашылуы өтті. Салтанатты шараға Kinopark-Kinoplexx Theatres компаниясы, Halyk Bank пен Aport East өкілдері қатысты. Мұнда келген қонақтарға арнайы DC студиясының жаңа туындысы "Аквамен және жоғалған патшалық" фильмі көрсетілді.

Алғашқы IMAX® лазерлік залы Kinopark-Kinoplexx Theaters компаниясының ең ерекше жобасы. Себебі ол канадалық IMAX® корпорациясының Қазақстандағы алғашқы кобрендингтік бастамасы. Зал 480 көрерменді сыйдыра алады және фильмді тамашалаудың бірегей тәжірибесін қамтамасыз ететін ең озық технологиялар кешенімен жабдықталған. Атап айтқанда, мұнда лазерлік проекциялық жүйе, 12 арналы дыбыс, биіктігі 14,5 метр және ені 25 метр үлкен экран бар. HALYK IMAX Kinopark 16 кинотеатрында бұдан басқа тағы 15 жайлы зал болады. Жобаны Halyk Bank қаржыландырды.

"2023 жылдың 21 қазанында Алматыдаңы Құлжа тас жолында Halyk Bank пен Damu қорының қаржылық қолдауымен ауданы 150 мың шаршы метрді құрайтын екінші lifestyle сауда орталығы Aport East ашылды. Жоба Eurasia RED қазақстандық даму компаниясына тиесілі. Сауда орталығында IMAX® залы бар Қазақстандағы ең үлкен кинотеатр – HALYK IMAX Kinopark 16 орналасқан. Оның экраны (ауданы 377 м²) ТМД-дағы ең үлкені болмақ. Сонымен қатар 16 залы бар кинотеатрдың ауданы 6688 шаршы метрді құрайды. Aport lifestyle сауда орталығы қазақстандықтар үшін тиімді формат. Менің ойымша, бүгін біз концепция бойынша, жалға алушылар мен келушілер үшін архитектуралық шешімдері бар сауда орталығының ең жақсы нұсқасын жасадық. Мұнда әртүрлі жастағы және түрлі қызығушылықтары бар үлкен отбасы күні бойы келіп, қызметтердің толық спектрін ала алады. Мәселен, мұнда сауда, кинотеатр, азық-түлік орталығы, ойын-сауық саябағы, тіпті аква кешені бар. Жаңа сауда орталығына кинотеатр құрылысын жоспарлағанда, бірден көптен бергі серіктесіміз – Kinopark-Kinoplexx компаниясы еске түсті. Сондықтан, Aport East сауда орталығында IMAX® залы бар осындай маңызды жобаны жүзеге асыру біз үшін айтулы оқиға", - деп атап өтті Eurasia RED дамыту компаниясының бас директоры Ерлан Мұқашев.

Halyk басқарма төрағасының орынбасары Нариман Мұқышев заманауи IMAX® лазерлік залы бар HALYK IMAX Kinopark 16-ның ашылуы Kinopark-Kinoplexx кинотеатрлар желісімен ынтымақтастықтың келесі дамушы кезеңі екенін алға тартты.

"Бізде кинотеатрлар билетін kino.kz сервисіміз арқылы эксклюзивті сатумен қоса, бұрыннан келе жатқан серіктестік бар. Енді біздің ортақ достығымыз әрі қарай жалғасын тапты – кинотеатр аты банкіміздің атауын да қамтиды. Меніңше, бұл Halyk Bank-тің мерейтойлық жылының жарқын аяқталуы. IMAX® және Kinopark-пен бірлескен жобамыз қазақстандық entertainment ортасының дамуына тағы бір үлес қосады деп сенеміз", - деді Нариман Мұқышев.

Kinopark Group вице-президенті Әбдірашид Рахметов бұл бірегей жобаның Қазақстанның жетекші компанияларымен бірлесіп жасалғанын мақтан тұтатынын жеткізді.

"Бұл Aport сауда орталығы алаңында ашылған екінші нысан және биыл 100 жасқа толып отырған Қазақстанның жетекші банкі Halyk Bank-мен ынтымақтастығымыздың алғашқы тәжірибесі. Көрермендер IMAX® лазерлік залын да, жалпы кинотеатрды да жоғары бағалайды деп үміттенеміз", - деді Әбдірашид Рахметов.

IMAX® лазерлік залында Kinopark театрлары арнайы көрсетілімдер мен басқа да іс-шаралар өткізуді жоспарлап отыр. Ал 3D фильмдер үш өлшемді әсермен қолжетімді болады.

Сондай-ақ кинотеатрда гамбургерлер, американдық хот-догтар, сэндвичтер мен пайдалы комболардан тұратын жеке мәзірі бар Tiger Coffee&Food тағам аймағы, сондай-ақ итальяндық Pizzallini мейрамханасы орналасады. Сеанстың алдында немесе одан кейін итальяндық пицца, үй асханасының пастасын және десерттерден дәм тата аласыз. Ал көрермендерге ыңғайлы болу үшін тапсырысты арнайы қабылдау пунктінен онлайн сатып алу арқылы жеткізу мүмкіндігі болады. 

Halyk Bank

Halyk – Halyk Group ірі қаржы тобының Грузия мен Өзбекстандағы еншілес банктері мен 30 миллиард доллар активтері бар елдегі ең ірі және ең сенімді банк. Банк экономиканың нақты секторының 50%-ын несиелейді және Лондон қор биржасында листингтен өтеді. Halyk – ең үлкен клиенттік базасы мен дистрибьюторлық желісі бар Қазақстандағы жетекші бөлшек банк. Банк өз клиенттеріне, шағын және орта бизнес пен корпоративтік клиенттерге қызметтердің кең спектрін (сақтандыру, лизинг, брокерлік және активтерді басқару бойынша банктік қызметтер) ұсынатын әмбебап қаржылық топ ретінде дамып келеді. 12 миллионнан астам қазақстандық Halyk Bank-ті “өз банкі” ретінде көреді және үлкен сенім көрсетеді.

Eurasia RED

Eurasia RED 2007 жылы бөлшек жылжымайтын мүлік жобаларын жүзеге асыру үшін құрылған компания. Компанияның ірі жобасының бірі - Қазақстандағы ең ірі сауда орталығы Aport Mall. Компанияның портфолиосында сонымен қатар SAT бизнес орталығы мен Құлжа тас жолындағы жақында ашылған жаңа Aport Mall East сауда орталығы бар.

Kinopark-Kinoplexx Theaters

Kinopark-Kinoplexx Theaters – Орталық Азиядағы ең ірі кинокомпания. 2005 жылы негізі қаланған оның бүгінде Қазақстанның 12 қаласында 25 кинотеатр желісі, сондай-ақ Украина астанасында 11 экранды кинотеатр желісі жұмыс істейді. Компания технология саласында пионер болып табылады (IMAX®, Dolby Atmos, премиум-холлдар). Бүгінде ол kinopark.kz сайты негізінде билеттерді және бар өнімдерін онлайн сатудың жеке жүйесін дамытуда.

Талқылау