Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қайрат Боранбаевтың інісі төрт жарым жылға бас бостандығынан айырылды

Астанада Қайрат Боранбаеватың туысы Әбілхан Боранбаев пен Дәурен Қазбекке қатысты үкім шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Боранбаев

19 қазанда Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында Әбілхан Боранбаевқа қатысты лауазымды тұлғаларға пара беру фактісі бойынша  және Дәурен Қазбекке қатысты пара алу фактісі бойынша қылмыстық іс қаралды.

Боранбаев лауазымды қызметтегі Қазбек және Ш.-ға 1,6 млн.теңгеден астам пара берген. Ш. тергеу кезінде қайтыс болуына байланысты іс тоқтатылды.

Қазбек пен Ш. бірігіп, Боранбаевтан пара алып, ол тергеу изоляторында жатқан кезде телефон қолдануға, туған күнінде алкогольді ішімдіктерді тұтынуға жол берген.

Прокурор Боранбаев 4 жыл 6 ай мерзімге, ал Қазбекке 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны тағайындауды сұрады. 

“Сот Боранбаевтың 4 баласы бар екенін, кінәсін мойындағанын, шын жүректен өкінгенін, қылмыстық құқық бұзушылықты ашуға және басқа да қатысушыларды әшкерелеуге белсенді ықпал еткенін ескерді. ал Қазбектің үш баласы бар екені, кінәсін мойындағанын және шын жүректен өкінгені жеңілдететін мән-жай ретінде қаралды”, – деп мәлімдеді Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының баспасөз қызметі.

Сот үкімімен Боранбаев мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік секторда лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 4 жылға 6 айға бас бостандығынан айырылды.

Қазбекке қатысты мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік секторда қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Айта кетейік, бұған дейін Қайрат Боранбаевтың "ҚазТрансГаз" АҚ-ның ақшасын жымқырғаны үшін 6 жылға сотталғаны туралы жазған едік.

Қайрат Боранбаевтың компаниялары шетелден қайтарылған қаражат есебінен Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына 30 млрд теңге аударды. Сондай-ақ оның компаниялары мемлекеттік мүлік комитетіне жалпы құны 1,4 миллиард теңгеден асатын "Comfort Hotel Astana" қонақүй кешенін мемлекет меншігіне өз еркімен беру үшін тиісті өтінімдер берген болатын және оған тиесілі Phystech II мұнай компаниясы мемлекет меншігіне өтті.

Сонымен қатар мемлекет меншігіне сауда ойын-сауық кешенін, жылжымайтын мүлікті басқару компаниясын және фитнес клубтар желісін қайтарды.

Залалды өтеуіне байланысты сот оның өтінішін қанағаттандырып, Боранбаев түрмеден босатылып, пробациялық бақылауға алынды.

Талқылау