ШҚО-да аюды атып, оның етін жемек болған ер адам ұсталды
ШҚО-да 37 жастағы ер адам аюды атып, оның етін жемек болған. Полицейлер браконерьді оқиға орнында ұстады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz поратлына сілтеме жасап хабарлайды.

Полицияның мәліметінше ер адам Ново-Троицкое ауданында заңсыз аң аулаумен айналысқан Өскемен қаласының тұрғынын болып шықты. Ол жыртқыштың етін тұтыну үшін атып өлтірген.
“Тәртіп сақшылары оқиға орнынан рұқсат құжаттары бар 12 калибрлі Ataarms және 308 калибрлі Zauermod мылтықтарын, квадроцикл және аюдың ұшасын тәркіледі. Кейін олар ветеринарлық зертханаға сақтауға берілді. Күдіктіге қатысты келуге міндеттеу түріндегі процестік мәжбүрлеу шарасы таңдалды”, – делінген хабарламада.
Құқық қорғаушылар осы факті бойынша күдіктіге қатысты ҚР ҚК-нің 337-бабы 1-бөлігі (Заңсыз аңшылық) бойынша қылмыстық іс қозғалғанын жеткізді. Аталған бап үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны қарастырады.
"Көзқарастары ескі": Қазақстан мұғалімдерінің қартаюы білім жүйесін әлсіретіп отыр ма?
Ал көпжылдық тәжірибесі бар мұғалімдер зейнет жас мәселесін қайта қарастырсын дейді
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
Темірден жасалған киіз үйлердің құны 200 мың теңгеден басталып, 750 мың теңгеге дейін барады