Алматыда тауға шыққан екі жасөспірім кешкі уақытта адасып, құтқарушылар шақырған
Алматыда Іле Алатау тауларына шыққан екі жасөспірім адасып кетті. Оларға республикалық жедел-құтқару жасағының қызметкерлері көмектескен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Жасөспірімдер Көкжайлау мен Үш Ағайынды арқылы Құмбел шыңына шыққан. Ол жерден Горельникке түсуді жоспарлаған. Алайда олар уақытты мүлдем есептемей кеш болып қалғанын байқамай қалған. Олар өздерінің адасытынын біліп бірден құтқарушыларға хабарласқан. Кейін өздеріне тауда тап болған үңгіршекте паналаған.
“Құтқарушылар жасөспірімдерге сағат 3:38-де жетті. Тауда қар көп жауғандықтан, жігіттердің киімдері дымқыл болды. Құтқарушылар оларға жылы шұлық беріп, киімдерін кептіріп, сағат 5:20-да төменге түсіре бастады”, – деді отрядтың баспасөз қызметі.
"Көмектесіңіз мен оны танымаймын деп жылады": Алматы облысында бейтаныс ер адам кішкентай баланы ұрламақ болған
Тұрғын: "Ер адам баланың ұлы екенін, жай ғана үйге кіргісі келмей тұрғанын айтты”
Ай сайын ит-мысықты асырауға 8 миллион теңге жұмсаймын
Панажай иелері күштеп жабуға тап болып отырғанын айтты