Депутаттар "Күнделік" электронды жүйесін тексеруді талап етті
Депутаттар Бас прокуратурадан "Күнделік" электронды жүйесін тексеруді талап етуде. Жыл сайын мемлекеттен 800 миллион теңге жұмсалатын порталдың қаражаты қалай қандай мақсаттарға жұмсалып жатқанын білуді тапсырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Ктк арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Cурет сюжеттен скринделген
Депутаттар бір емес, бірнеше рет келеңсіздіктерге ұшыраған платформаның өзін де сынға алды. Ашынған ата-аналар сайттан ұятсыз жарнаманы анықтаған. Осыған орай мәжілісте балалардың жеке деректеріне қатысты мәселе көтерілді. Сондай-ақ, депутаттар бұл қызметті шетелдік компания жүргізетінін еске салды.
“Бұл 2030 жылға дейін барлық мектептерде қолданылуы тиіс жалғыз электронды жүйе. Ертең бұл деректер жоғалса, жарнама берушілерге сатылса немесе зиянды жолмен пайдаланылса, кім жауапты болады?”, – деді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ерлан Саиров.
"Үйді тіреп тұрған жерге құрылыс бастады": Алматыдағы "Три богатыря" тұрғындары баспаналары құлап қала ма деп алаңдаулы
Әкімдік құрылыс жұмыстарын уақытша тоқтатты
"Өлім аузынан қалдық": Түркістан облысында су басқан ауыл тұрғындары мал-мүлкінің көз алдында ағып кеткенін айтты
Бұл жолы нөсер небәрі жарты сағатқа ұласқан. Соның өзінде топан су қора-қопсыны қиратып, үй қоршауының түгін қалдырмай құлатып тастаған