Ақмола облысында 17 жасар қыз із-түссіз жоғалып кетті
Ақмола облысында 17 жасар қызды із-түссіз жоғалып кетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Көкшетау полициясына қыздың анасы көмек сұрап жүгінген.
Анасының айтуынша, 2006 жылы туған Лейла Асхатқызы Тойбазар 7 қыркүйекте сағат 15:00 шамасында үйден белгісіз бағытқа шығып кеткен және осы уақытқа дейін оның қайда екені белгісіз.
Жасөспірім белгілері: бойы 155 см, арық денелі, қоңыр көзді, шаштары қара және қысқа, маңдайының оң жағында кішкентай тыртық бар. Үстіне қара түсті күртеше, қара түсті жилет, басына қара кепка киген.
Қазіргі уақытта оның орналасқан жерін анықтау бойынша іздестіру іс-шаралары жүргізілуде. Іздеу жұмыстарына еріктілер де қосылды.
"Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді": Қазақстандық кәсіпкердің жаңа салық реформасының кесірінен бизнесі шығынға батқан
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Қазақстанда тұрақты тұруға өтініш берген шетелдіктер қазақ тілінен тест тапсырады: Оларға қандай сұрақтар қойылады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі