Шымкентте 2 жасар бала сірке қышқылын ішіп қойған
Шымкенттік дәрігерлер сірке қышқылын ішіп қойған сәбиді аман алып қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ата-анасының айтуынша, үлкендердің қарауынсыз қалған сәби үй ауласында ойнап жүріп, абайсызда сірке қышқылын ішіп қойған.
"Ауыр халде ауруханаға жеткізілген баланың ауыз қуысы толықтай күйіп қалғандықтан, жасанды тыныс алу аппаратына қосылды. Дәрігерлер бүлдіршінге шұғыл көмек көрсетіп, сәбидің өмірін сақтап қалды. Қазіргі уақытта оның жағдайы қанағаттанарлық. Бала қазіргі уақытта өздігінен тамақтана алады" - делінген Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"