Қазақстандықтардың жартысынан көбі өз өмірлеріне көңілдері толмайды
Қазақстандықтардың жартысынан көбінің өз өміріне көңілі толмайды. Дерек Ұлттық статистика бюросының халықтың өмір сүру сапасы туралы жүргізген сауалнамасы нәтижесінде белгілі болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бюро мәліметінше, сауалнамаға қатысқан респонденттердің 41,8% ғана өздерінің өмір сүру сапасы көңілдерінен шығатынын айтқан. Олардың көбісі – ауыл тұрғындары. Ауыл тұрғындарының 46,5% өмір сүру жағдайына көңілдері толса, қала тұрғындарының тек 39,6% күн көрісіне разы.
Респонденттердің айтуынша, олардың табыстары мардымсыз. Сауалнамаға қатысқандардың тек 1%-ы жоғары табыс тапса, 72,2%-ның кірісі орташа деңгейде.
Қазақстандағы ер адамдар әйелдерге қарағанда өз өмірлеріне риза. Ерлердің 45,4%, әйелдердің 39,5%-ы өмір сүру сапасын оң бағалаған.
"Әскерден келген соң үйленеміз деп еді": Каспийде қаза тапқан сарбаздардың жақындары жанайқайын жеткізді
Жанардың айтуынша, отбасы Олжасты қуанышпен күтіп отырған
"Алдымен үйленейік, кейін Сирияға барайық": Бейтаныс адамдар әлеуметтік желі арқылы қазақстандықтарды қалай арбайды
Әлеуметтік желіде ер адамға Сирияға барып соғысуды ұсынған