Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ҚТЖ пойыздардағы тәртіп бұзушылықтарды фото мен видеоға түсіруге тыйым салды: Прокурор мұны заңсыз деп таныды

ҚТЖ-ның пойыздардағы тәртіп бұзушылықтарды фото және видеоға түсіруге тыйым салуы заңсыз деп танылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Ктк арнасына сілтеме жасап. 

"Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" АҚ бұған дейін фото және бейне түсіруге тыйым салу туралы мәлімдеген болатын. Алайда прокурорлар бұл мәлімдемені заңсыз деп таныды. 

“Көлік прокуратурасы "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ басшылығының темір жол көлігіндегі қауіпсіздікті бұзудың кез келген жағдайларын фото және бейнежазбаға түсіруге тыйым салу туралы телеграфтық нұсқамасының күшін жоюға қол жеткізді. Бұл нұсқама 20-баптың 2-тармағына тікелей қайшы келді. ҚР-ның Конституциясына сәйкес әркімнің заңмен тыйым салынбаған кез келген тәсілмен еркін ақпаратты алуға және таратуға құқығы бар", – делінген хабарламада.

Атап өткендей, мұндай шектеу, ең алдымен, теміржол жолдарындағы жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру кезінде дәлелдемелерді жинауды қиындатып, жалпы алғанда осы аумақтағы қауіпсіздіктің нашарлауына әкеп соғуы мүмкін түрлі оқиғаларды жасыруға жағдай туғызады.

"Бүгінгі күні прокуратураның наразылығы толығымен қанағаттандырылып, тиісті нұсқама заңсыз деп танылды",  –  деп толықтырды қадағалау органы.

Талқылау